+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

ШҚО-да екі қарағандылықтан синтетикалық есірткінің 800 дозасы тәркіленді

2021 жылғы 3 тамыз 13:25
Бөлісіңіз:
ШҚО-да екі қарағандылықтан синтетикалық есірткінің 800 дозасы тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері «Жылдамдық» атты есірткі затын тасымалдаумен айналысқан екі ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды ШҚО-ға өзге өңірлерден есірткі тасымалдаған 8 адам ұсталды ШҚО-да стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасы барысында «Жылдамдық» атты психотроптық затты жеткізушілерді ұстады.

«Өскемендегі Тополиная роща ауданында Қарағанды облысының 25 және 23 жастағы екі тұрғыны құрықталды. Олар табыс табу мақсатында қалаға психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан. Ұсталғандардан барлығы 800-ден астам доза тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» құны – 5 млн теңгеден асады», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынған.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT