ШҚО-да екі бала көз жұмды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешелі бері әлеуметтік желіде кәмелеттік жасқа толмаған екі баланың суицид жасағаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Білім басқармасына хабарласты.

Ведомствода екі баланың көз жұмғанын растады. Алайда өлім себебі нақты суицидтен болған-болмағанын полиция анықтайтынын жеткізді.

«Студент пен 6-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиға сабақ уақытында емес, демалыс күні болды», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

ШҚО Полиция департаменті балалар өлімі фактісін растады. Бірақ өзге ақпарат әзірге жариялануға жатпайтынын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар