+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

ШҚО-да дүкенге маска тақпай кірген адамға айыппұл салынды

2021 жылғы 5 наурыз 03:20
Бөлісіңіз:
ШҚО-да дүкенге маска тақпай кірген адамға айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеулерді бұзғандар тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды Өзбекстан сәуірдің соңына дейін ресейлік «Спутник V» вацинасының 300 мың дозасын алады Қазақстанға Ресейден анықтамасыз келген 156 азамат шекарадан кейін қайтарылды

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1 фактісін анықтады. «Аракс» дүкеніне маска тақпай кірген адамға айыппұл салынған.

«Өскеменде де күн сайын рейдтер жүргізілуде. Кеше 266 нысан қамтылып, шектеу шараларын бұзудың 10 фактісі тіркелді. Сонымен қатар бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды. Мәселен, дүкендердің біріндегі сатушылар маска тақпаған. Айыппұлдың жалпы мөлшері 218 775 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Глубокое ауданында мониторингілік топтар 135 объектіге 18 рейд жүргізді. Нәтижесінде, ереже бұзудың 4 жағдайы анықталып, жалпы сомасы 175 020 теңге айыппұл салынды.

Курчатов қаласында 26 мекемеге тексеру жүргізіліп, 2 бұзушылық тіркелген. Алтай ауданында тексерілген 139 нысанда талапқа бағынбаған 1 адам болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT