ШҚО-да диаспора өкілдері қазақ халқына алғысын әлеуметтік желі арқылы айтып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері Алғыс айту күніне орай қазақ ұлтына әлеуметтік желі арқылы алғыс жаудырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Қазақстан аумағына бір миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері күшпен көшірілген болатын. Бүгінде солардың ұрпақтары ел аумағында бақуатты өмір сүруде. Бүгінгі алғыс айту күнін пайдаланып, өзге диаспора жастары қазақ халқына сол қиын шақта қолдау көрсеткені үшін алғыстарын айтып жатыр. «Вконтакте», Facebook, Instagram желілерінде қазақ ұлты мен Қазақстан халқына алғыс айтқан видеолар бірінен соң бірі жүктелуде.

«Өткен ғасырдағы репрессия Шығыс Қазақстан жеріне бір миллион адамды сырттан әкеліпті. Соның арасында менің аталарым да болған. Сол қиын шақта бізге көмек қолын созған қазақ халқына алғыс айтамын. Мен өз болашағымды Қазақстанмен байланыстырамын. Қазір металлург болып жұмыс істеймін. Мереке құтты болсын!» - дейді ұлты татар Михаил Байтеряков.

Соңғы жаңалықтар