ШҚО-да демалыс күні жұмыс істеген шаштараз иесі айыппұл төлейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мониторинг топтары рейд шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха ауданында жүргізілген рейд барысында мониторинг тобының мүшелері карантин бұзған шаштараз иесін анықтады.

Шаштараз демалыс күндері клиент қабылдаған.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушының қаулысы бойынша шаштараздарға демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынған.

«Жеке кәсіпкерге шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар Бородулиха аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде 128 мониторингтік топ жұмыс істеуде.

Олардың құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кіреді.


Соңғы жаңалықтар