ШҚО-да демалыс күндері 6 көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда өткен сенбі-жексенбі күндері 6 көлік өртеніп, бір адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отқа оранған 6 көліктің бесеуінің «жасы» 30 жылдан асады.

«Әуелі, Семей-Павлодар тасжолында жүріп бара жатқан «LW321F» маркалы жүк тиегіштің кабинасынан өрт шыққан. 37 жастағы жүргізуші отты өз бетімен өшірмек болып, түтінге уланған. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр» - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Бородулиха ауданының Зенков ауылында «Волга-3110» көлігі өртеніп, ауданы 20 шаршы метр аумаққа зақым келген. Өрт сөндірушілер жалынды 40 минутта ауыздықтады.

Өскеменде Абай даңғылының бойында «Ауди 80» маркалы автомобильдің қозғалтқышынан жалын шығып, иесі дер кезінде өшіріп үлгерген.  Ұлан ауданында Асубұлақ кентінің жолында «Лада 21015» көлігі қаңтарылып тұрған жерінен өртеніп, түгелдей жанып кеткен. Өрт сөндірушілер жалынмен 10 минут бойы алысқан.

«Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында отқа оранған «УАЗ» автомобилі де қаңтарулы болған. 4 шаршы метр аумақты қамтыған отты өрт сөндірушілер 11 минуттың ішінде өшірді. Ал Шемонаиха қаласында «Пежо-206» жүріп келе жатқан бойда өртеніп, дөңгелектері мен қозғалтқышы отқа оранды» - дейді төтенше жағдай маманы Оксана Скляр.  

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста 81 көлік өрті тіркелген. 

Фото: 1zoom.me

Соңғы жаңалықтар