ШҚО-да демалыс күндері 3 көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері 3 көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 қараша күні Семей қаласы Түктібаев көшесінде келе жатқан 2002 жылғы «Субару Форестер» маркалы автокөлігінен өрт шықты. Тілсіз жау қозғалтқыш бөлігін, салонды, доңғалақтың жанғыш бөлшектерін шарпыды.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқарушылар жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған жалынды өшірді. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – қауіпі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болған», - делінген ақпаратта.

7 қарашада Тарбағатай ауданында жеке тұрғын үй ауласындағы «Ваз 2115» автокөлігі өртенді. Өрттің шығу себебі –қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару.

«Сол күні Глубокое ауданында жер үйдің ауласындағы гараж отқа оранды. Жалын шарпыған жалпы аудан – 80 шаршы метрге жеткен. Гараж ішінде тұрған «RAV-4» көлігінің қозғалтқыш бөлігі, аспаптар панелі мен доңғалақ қақпақтары жанды. Жалынның шығу себебі – отты абайсыз қолданудан болуы ықтимал», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар