ШҚО-да дәстүрлі халықтық спорт ойындары басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда ХХІ Халықтық спорт ойындары басталды. Биылғы сайыс Астананың 20 жылдық мерейтойына арналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық ойындардың ашылу салтанатына қатысқан облыстың әкімі Даниал Ахметов киіз үй қалашығы мен этноауылды аралап, әртүрлі этнос өкілдерінің спорттық ойындарын тамашалады. Қалашыққа ақшаңқан үйін тіккен  әр аудан халықтың тынысынан сыр шертер тұрмыстық заттарды, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдарды назарға ұсынуда. Мысалы, семейліктер қазақтың «кесте тігу», «жүн сабау», «жүн иіру» сияқты тұрмыстық көріністерін, татар ұлтының «Құда той» рәсімін дайындап әкелген. Тарбағатай ауданы қазақ халқының бүркітпен аң аулау өнерін көрсетті.
nullnullnullnullnull

«Жаңа ғана қазақтың тұсаукесер рәсіміне қатысып, татарша келін беру, орыс ұлтының қонақ күту дәстүрін тамашаладым. Бұл, ең бірінші, Қазақстан халқының татулығын көрсетеді. Біздің басты құндылығымыз да осы, соны сақтауымыз керек» - деді Даниал Ахметов.

Халықтық спорт ойындарының айшықты тұстарының бірі - киіз үй фестивалі. Биыл ол «Бір шаңырақ астында»  деген тақырыппен өтуде. Облыстың 17 өлкесінен 17 киіз үй тігілген. Ал негізгі сайыс спорттың 21 түрінен болады. Халықтық сипатқа ие бұл сайыс мектеп оқушыларын да қамтыған. Бүгін 1200 өскемендік бала шахмат, асық ату, арқан тарту, сан түрлі эстафета ойындарында бақ сынасты.
null

Облыс әкімінің жүлдесіне ұйымдастырылған сайыс төрт күн бойы жалғасады. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Шығыс Қазақстан еліміздегі облыстық деңгейдегі Олимпиада іспеттес ойындар өткізетін жалғыз өңір.
nullnull

Соңғы жаңалықтар