+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

ШҚО-да «Дәрмек» шарасы барысында 15 заңбұзушылық анықталды

2020 жылғы 22 қараша 00:50
Бөлісіңіз:
ШҚО-да «Дәрмек» шарасы барысында 15 заңбұзушылық анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 16-20 қараша аралығында «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы СҚО-да дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарының тұрақтандыру қоры ашылды Теңіз кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшы коронавирус жұқтырды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шара барысында тәртіп сақшылары есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтауға күш салды.

Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Көкпекті ауданында прекурсор қолданатын кәсіпорындарды тексеру барысында техникалық нығайтылу талаптарының бұзылғаны тіркелді. Осылайша, мекеме басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

«Семей қаласындағы дәріханалардың біріндегі фармацевт құрамында кодеині бар дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатқан. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына қайшы. Сондай-ақ Семейдегі мекеме басшыларының бірі қызметкерлеріне лицензиясының мерзімі өткен прекурсорларды сатқызған. Оған 400 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, 5 күн ішінде облыс бойынша есірткіге қатысты 15 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT