ШҚО-да дала өрттерін анықтау үшін ғарыштан бақылау жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары дала өрттерін анықтау үшін ғарыштан бақылау жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 180-нен астам дала өрті тіркелген. Қызыл жалынның жалпы аумағы 4818 гектарды құрады. Көп жағдайда өрттің шығуына – халықтың отпен абайсыз әрекет етуі себеп болған.

«Жануды бастапқы кезеңде анықтау үшін ТЖД мамандары космомониторингті пайдаланады. «Geosat« ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде термонүктелер бойынша деректер алуға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен құтқарушылар өрттің таралуын талай рет уақтылы анықтап, жалынды тез ауыздықтады. 2021 жылдың 11 сәуірінен бастап 352 термонүкте тіркелген», - делінген хабарламада.

Заманауи мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен Шығыс Қазақстан аумағында тәулік бойы 1 млн шаршы шақырымнан астам қашықтықта ғарыш түсірілімі деректері сақталады. Бұл төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар