ШҚО-да дала өртінің алдын алу үшін 69 мобильді топ жұмыс істеп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 113 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері өңір бойынша жалпы ауданы 2501 гектарды шарпыған 113 дала өрті тіркелген.

Көп жағдайда оттың шығуына қасақана шөпті өртеу себеп болып отыр.

«Шөпті жаққан кезде ешкім оның салдарын ойламайды. Бірақ желдің кесірінен от одан сайын өршіп, елді мекендерге, ормандарға, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Осы ретте құтқарушылар, орманшылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган өкілдері дала өртінің алдын алу үшін бірқатар шараларды қолға алған. 384 адамнан тұратын 69 бірлескен мобильді топ құрылды. Олар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақыруда» делінген хабарламада.

Жүргізілген рейдтер нәтижесінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 260 адам анықталған.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар