ШҚО-да дала өртінің 46 пайызы тұрғындардың абайсыздығынан шығады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында дала өрті жиіліп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде бір күн ішінде 11 рет шөп жанған. Нақты айтқанда, Риддер қаласында тілсіз жау 3 шаршы метр, Жарма ауданында 140 шаршы метр, Ұлан ауданында 10 гектар, Бесқарағай ауданында 2 гектар, Алтай қаласында 200 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері аймақта жалпы ауданы 616 гектар шөп жанған. Қызыл жалынның шығуына негізінен – тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы себеп. Статистика көрсеткендей, барлық өрттердің 46%-ы өрт қауіпсіздігі ережелерін білмейтін немесе жауапсыздық танытқан тұрғындардың кінәсінен туындайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, құрғақ шөпті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандарға ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Қазіргі уақытта облыс бойынша ӘҚБтК-нің 336-бабына сәйкес 64 азаматқа ескерту жасалды. Жағдайды бақылау үшін қалалық ТЖБ мамандары ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалануда. Дронның арқасында 200 метр биіктікте бақылау жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған учаскені тез анықтауға болады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар