USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

ШҚО-да дала өртін ауыздықтауға 100 адам мен МИ-8 тікұшағы тартылды

2021 жылғы 10 мамыр 16:46
Бөлісіңіз:
ШҚО-да дала өртін ауыздықтауға 100 адам мен МИ-8 тікұшағы тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер 2 гектар аумаққа жайылған тілсіз жаумен күресуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында өртенген үйден 82 жастағы қария құтқарылды Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 200-ден астам адам емделіп жатыр Семейде өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін «101» қызметіне хабарласқан Лесхоз кентінің тұрғындары Риддер орман шаруашылығында шөп жанып жатқаны туралы айтқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел келіп жетті.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға барлығы 6 техника мен жеке құрамнан 100-ден астам адам жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге арналған десанты және суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы ұшуға дайындалуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары орманды жерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT