ШҚО-да дала өрті 6 мың гектар жерді шарпыды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысында үш ауданда ірі дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Ұлан ауданында 250 гектар жазық дала отқа оранды. Көкпекті ауданында 700 гектардан астам жер өртенді. Екі ауданда да өрт салдарынан тұрғындарға төнген қауіп болған жоқ.

Өрттің шығу салдары анықталып жатыр.

Ең ірі өрт Семей қаласында болды. Знаменка ауылына қарасты «Тайфуган»  учаскесінде тілсіз жау 5000 гектар жерді шарпыды. Алғашқыда оны жергілікті тұрғындар сөндіре бастаған. Алайда, тілсіз жауды еңсере алмаған олар өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінген.

Өрт сөндірушілер жасағы келе салысымен, бар күштерін жақын маңдағы елді мекендерді аман алып қалуға жұмсады.

Зардап шеккендер жоқ. Мұнда да өрттің шығу себептері, кінәлі тұлға мен шығын көлемі  анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар