ШҚО-да дала өрті 40 гектарға жайылып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер 40 гектарды шарпыған қызыл жалынмен күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында шөп өртеніп, оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жеткен.

«Сағат шамамен 14.00-де ашық жерде шөп жанды. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға кірісті. Алайда лезде тараған от 40 гектар аумаққа жайылып кеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жеке құрамнан 13 адам мен 2 техника, орман шаруашылығынан 11 адам мен 3 техника, жергілікті атқарушы органнан 1 су тасығыш көлік пен 2 трактор және жергілікті 25 тұрғын тілсіз жаумен күресіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар