ШҚО-да COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші дозасы егілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын ерікті түрде салу науқаны басталған. Екі компонентті препарат 21 күн аралықпен егіледі. Шығыс Қазақстанда 1300 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Олардың ешқайсында асқыну белгілері болған жоқ. Бүгіннен бастап медицина қызметкерлері екінші дозаны егуде.

«Біз алғашқы екпе алғандардың қатарында болдық. Өзімде жанама әсерлер болмады, температура көтерілмеді. Қазір вакцинаның екінші дозасын алдым. Ең бастысы - енді коронавирус инфекциясынан қорғана алатын сезінемін. Біз медицина қызметкерлері үнемі қауіп үстінде жүреміз. Сондықтан Семей қаласының Перинаталдық орталығы қызметкерлерінің 75%-ы вакцина алды, - дейді аталған орталық директоры Аркат Дайрбеков.

Ревакцинация жүргізу үшін ШҚО-ға 1300 доза вакцина жеткізілді (Өскемен қаласында-650, Семей қаласында-650). Облыстық Ана мен бала орталығының учаскелік терапевтік бөлімінің меңгерушісі Ақбөпе Тұрсынбекованың айтуынша, вакцина алған дәрігерлер дене қызуы 38 градустан асқан жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын аша алады.

«Менде алғаш рет инъекция орнында аздап бұлшықет ауыруы сезілді. Кейбір қызметкерлердің дене қызуы көтерілді. Барлық осы белгілер 1-3 күн ішінде жоқ болды. Жалпы дәрігерлердің жағдайы қалыпты. Болашақта барлық әріптестерімізді вакцина алуға шақырамыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар