ШҚО-да бюджеттік ұйым қызметкерлеріне сауықтыру жәрдемақысы төленбек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осыдан былай бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлеріне сауықтыру жәрдемақысы берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұған дейін өңірде мемлекеттік қызметшілер ғана жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанда сауықтыру жәрдемақысын алатын.

Енді бұл ақша бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлеріне төленетін болды.

Тиісті норма ШҚО әкімдігі, облыстық кәсіподақ және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімде бекітілді.

«Сауықтыру жәрдемақысы бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне берілуі тиіс. Еңбек кодексінде жазылғандай, жұмыс беруші мемлекеттік қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысына шыққан кезде бір жалақы мөлшерінде осы жәрдемақыны төлеуге міндеттеледі. Алайда ұжымда мемлекеттік қызметшілер санатына кірмейтін жұмысшылар да бар. Енді жаңа келісім бойынша барлық жұмысшылардың жәрдемақы алуға құқығы бар», - дейді басқарма басшысы Бақытбек Қизатов.


Соңғы жаңалықтар