ШҚО-да бюджет қаржысын жымқырған кәсіпкер іздеуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі «Жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасымен бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тексеруді аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО МКД ЭТҚ бас тергеушісі Лейла Ысқақованың ақпараты бойынша, 2012 жылдың ақпанынан 2015 жылдың маусымына дейін С.Черненко мен Е.Селянина атты жеке кәсіпкерлердің «жалған» жұмыс орындарын рәсімдеп, бюджеттен 9,6 млн. теңге жымқырғаны анықталды. Кәсіпкер С. Черненко «жұмыс беруші» деп мәртебе алған. Кейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Өскемен әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен тұрғындардың мақсатты тобына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы келісімшарт жасасады.

Ол «IRON» ЖК-ға адамдарды жұмысқа қабылдады деп, оған бөлінген бөлінген қаржыны өзі иемденіп отырған. Жұмысқа орналасты делінген тізімдегілердің жартысы, «IRON» ЖК-да аз уақыт жұмыс істеп, айына 50-60 мың теңге емес, күніне 500-1 000 теңге алып отырғандарын айтқан. Кәсіпкер жыл сайын жұмыс орындарды тек қағаз жүзінде арттырып отырған. Мемлекет оған жалпы 5,2 млн теңге қаржы төлеген.

Дәл осындай өтінішті Өскемен қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығына 2013 жылы наурызда оның бірге тұратын әйелі Е.Селянина беріп, ол да Черненко сияқты алаяқтықпен айналысады. Жұмыспен қамту орталығы 2013-2016 жылдар аралығында Селянина ЖК-ның шотына 4,4 млн теңге бөледі.

Черненко мен Селянина 2015 жылдың қыркүйегінде тергеуден қашып, халықаралық іздеуге жарияланады.

10 ай өткеннен кейін ЭТҚ қызметкерлері Красноярск өлкесі РФ ІІМ қылмыстық іздеу қызметкерлерімен бірлесіп Черненконы ұстайды. Ол үшінші қабаттан секіріп, аяғын сындырып, ауруханаға түседі. 3 айдан кейін, 2016 жылдың қарашасында Черненко Ресейден Қазақстанға экстрадацияланды.

Өскемен қалалық соты Черненконың мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айырады. Бюджет қаржысын жымқыру бойынша істің екінші фигуранты Е.Селянина осы уақытқа дейін іздеуде. 

Соңғы жаңалықтар