ШҚО-да бүгіннен бастап облысішілік автобустар жолға шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 23 мамырдан бастап бірқатар карантин шектеуі жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгіннен бастап Семейден басқа қала, аудандарда автобус қатынай бастады. Сонымен қатар балабақшалар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастаған.

«Барлық дерлік өнеркәсіптік кәсіпорындар карантинге дейінгі жұмыс режиміне көшті. Жекеменшік объектілердің 65 пайызы бұрынғы қызметін бастады. Мейрамханалар, дәмханалар және басқа да тамақтану орындары ашылды. Ондағы санитарлық нормалардың сақталуы қатаң бақылауда», - делінген мәліметте.

Бұдан бөлек, Өскемен қаласының тұрғындарына Горная Ульбинка, Сібе көлдері мен Бұқтырма су қоймасына демалысқа баруға рұқсат берілген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін өңірде 23 мамырдан бастап ХҚО-лар ашылатындығы хабарланған.


Соңғы жаңалықтар