ШҚО-да браконьерлерге 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
2022 жылғы 14 мамыр 15:42

ШҚО-да браконьерлерге 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері браконьерлерден 2 тоннадан артық балық тәркілеп, 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 16 сәуірден бастап «Уылдырық-2022» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Мұндағы мақсат – балықты заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстарға тосқауыл қою.

«Шара басталғалы бері заңсыз балық аулаудың 195 фактісі анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Браконьерлерден 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралы тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 10 млн теңгеден асып отыр», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтардан тыйым салынған аралықта балық ауламай, табиғатты қорғауға шықарды. Науқан 30 мамырға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да биыл 300-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылғаны хабарланған.


Jańalyqtar

MURAǴAT