ШҚО-да браконьерлер мен орман өрттері дрон арқылы бақыланбақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында браконьерлер мен орман өрттері дрон арқылы бақыланатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша Қазақстан аумағындағы орман қорының жартысынан астамы шоғырланған.

Осы ретте ағаштарды заңсыз кесетіндер мен өрттің шығуы орманға елеулі залал келтіруде. Мәселен, биылғы мамыр айында болған өрттен мемлекетке келтірілген шығын мөлшері – 252 миллион теңгеден асқан.

«Енді 2022 жылдан бастап ұшқышсыз ұшу аппараты инспекторларға аумақты бақылауға көмектеседі. Дронды пайдалану орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзетуге, заңсыз ағаш кесу мен өрттердің алдын алуға және жануарлар әлемін бақылауға мүмкіндік береді», - деді инспекция басшысы Ділдәбек Оразбаев.


Соңғы жаңалықтар