+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

ШҚО-да бойжеткен таудан сырғанаймын деп мерт болды

2018 жылғы 27 ақпан 20:56
Бөлісіңіз:
ШҚО-да бойжеткен таудан сырғанаймын деп мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-дағы тау-шаңғысы кешенінде үрленген дөңгелек сырғанақ теуіп жүрген бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Бүгін 27 ақпан күні тау шаңғысы жолымен сырғанақ тебемін деп қыз бала мерт болды. Арқан жолмен үрленген шананы тау басына алып шығуға толықтай тыйым салынған. Қызметкерлердің ескертуіне қарамастан жасөспірімдер шаңғы жолының биігіне шығып төмен қарай сырғанаған. (тьюбинг үшін төмендегі алаңқайда арнайы жасақталған орын бар). Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері қатты жараланған қызды аман алып қала алмады»,- делінген тау-шаңғысы кешенінің Инстаграмдағы парақшасында.

Қазір оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Устинка Live» газетінің мәліметіне сүйенсек, қаза тапқан мектеп оқушысының жасы 17-де.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT