ШҚО-да боранға байланысы тағы бір жол жабылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы және «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылғаны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар