ШҚО-да боранда адасып кеткен бақташылардың бірі табылды, екіншісі іздестірілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Аягөз ауданында құтқарушылар боранда адасып кеткен бақташылардың бірін тапты, екіншісін іздеу жұмыстары жалғасуда.

53 жастағы ер адам мен оның қасындағы жолдасы бір отар қоймен аяқ астынан соққан боранда адасып қалған. Бұрқасын салдарынан ештеңе көре алмаған малшылар үйге оралатын жолды таба алмаған.

24 қарашаның кешінде Аягөз ауданы әкімі аппаратының басшысынан малшыларды іздеуге көмек көрсету туралы хат келіп түскен соң, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 14:20-да Аягөз аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері бір ер адамды тапты.

Олардың айтуынша, бақташы дін аман және медициналық көмекті қажет етпейді. Екінші ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар