ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюіне байланысты тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, 16 қаңтарда сағат 17.30-да ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда желдің күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымында (Аягөз қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының арасы) жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Осы ретте, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Жарма ауданында қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкеткенін хабарлаған болатынбыз.
- 5 наурыз күнгі ауа райы болжамы
- БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті
- Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалды
- ШҚО-да дүкенге маска тақпай кірген адамға айыппұл салынды
-
ШҚО-да перзентханаларды жабдықтауға 5 млрд теңге бөлінеді
-
Балабақшадаға қатігездік: Ата-аналар талап-тілектерін жеткізді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам