ШҚО-да «Біз Біргеміз» акциясы аясында 30 мың адам материалдық көмек алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Біз Біргеміз» акциясы аясында 30 мың адам 1,5 миллиард теңгенің материалдық көмегін алды.

Бұл туралы Шығыс қазақстанда облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының ХL кезекті сессиясында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде әлеуметтік қолдау мен азаматтардың осал санаттарын қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, облыстың 78 мың тұрғынына 930 миллион теңгенің азық-түлігі және тұрмыстық жиынтықтары жіберілді. Елбасының бастамасымен «Біз Біргеміз» акциясы аясында 30 мың адам 1,5 миллиард теңгенің материалдық көмегін алды», - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, облыста 21 миллиард теңгеге 297 мың адамға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілген.

«Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік жағынан қорғалған азаматтарға қайта пайдалануға болатын маскалар берілді. Шілде айының басынан бастап облыстың қалалары мен аудандарында 470 мың маска таратылды. Көпбалалы отбасылар мен халықтың аз қамтамасыз етілген топтары үшін әлеуметтік мәселелерді шешу үнемі бақылауда», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар