ШҚО-да биылғы шомылу маусымында 10 бала суға батып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу маусымында 10 бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаз мезгілі басталғалы өңір бойынша 36 адам, оның ішінде 10 бала суға батқан. Көп жағдайда қайғылы оқиғаның себебі жабдықталмаған жерлерде шомылу, жүзе алмау және өз күшін асыра бағалау болып жатады.

«Биылғы шомылу маусымы аяқталды. 3 ай бойы демалушылардың қауіпсіздігі үшін Алакөлде, Көкпекті ауданындағы жағажайда құтқарушылар бекеті жұмыс істеді. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерімен бірге 6744 рейд ұйымдастырылды. 412 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылып, 756 адам әкімшілік жауапқае тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар суға батып бара жатқан 24 адамды құтқарып қалған. Оның ішінде 6 бала бар.


Соңғы жаңалықтар