ШҚО-да биылғы алты айда 35 білім беру мекемесі тексеріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы 6 айда 35 білім беру мекемесіне тексеру жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ботагөз Райымбекованың айтуынша, мектептерге профилактикалық бақылау жүргізу қандай да бір заңсыздықтарды уақтылы анықтауға және оның алдын алуға бағытталған. Осындай бақылау «Білім туралы» Заңның 59-бабы негізінде жүргізіледі.

«Әрбір жартыжылдыққа профилактикалық бақылау жүргізу үшін білім беру ұйымдарының тізімі бекітіледі. Осы жылдың 6 айында мекемені тексеру жоспарланып отыр. Өткен жылы бақылау аясында 16 мектепте 58 бұзушылық анықталған», - деді ол.

Ботагөз Райымбекованың мәліметінше, өңірдегі мектепке дейінгі мекемелердің материалдық базасының әлсіз болуы, балабақша тәрбиешілерінің лауазымдық нұсқаулықтарының дұрыс әзірленбеуі сынды бұзушылықтар анықталды.


Соңғы жаңалықтар