ШҚО-да биыл жол апатынан мерт болғандар саны артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл жол апатынан мерт болғандар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір жолдарында болған жол-көлік оқиғаларынан 120 адам көз жұмған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама көп.

Полицейлер адам өліміне әкелетін жол апаттарының жиілеп кеткеніне орай, түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жүргізушілерге қыс кезінде жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертуде.

«Өткен жылы жол-көлік оқиғаларынан 102 адам жан тапсырған. Биыл жолдағы апат азайғанымен, мерт болғандар саны өсіп отыр. Қазір облыста республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Соның аясында облыстың қалалары мен аудандарында полиция кезекшілігі күшейтілген», - деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Әнуарбеков.


Соңғы жаңалықтар