USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ШҚО-да биыл тұрмысы төмен және көпбалалы 1125 отбасы баспаналы болады

2021 жылғы 21 қазан 10:57
Бөлісіңіз:
ШҚО-да биыл тұрмысы төмен және көпбалалы 1125 отбасы баспаналы болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін тұрмысы төмен және көпбалалы 1125 отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды ШҚО-да қар құрсауында қалған 10-ға жуық көлік құтқарылды Эпидахуалды бағалау матрицасы: «жасыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың кешенді бағдарламасы жүзеге асуда. Бірінші кезекте бұл көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қатысты.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, салынып жатқан және пайдалануға берілген тұрғын үйлерді көбейту арқылы пәтер кезегінде тұрғандардың саны едәуір азайтылмақ.

«Тек өткен жылдың өзінде 1000-нан астам тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар өз баспаналарының кілтін алған. 2021 жылдың аяғына дейін бұл сан тағы 1125-ке артады. Осы ретте, маңызды жобалардың бірі – Семейдегі Қарағайлы шағынауданы болды. Мұнда екі жүзден астам отбасы пәтер алған. Сондай-ақ Өскеменде көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр. Аудандарда аз қамтылған аналар баспанадан бөлек, мал ұстауға, бау-бақша өсіруге және жерді мақсатына сай пайдалануға болатын жеке учаскелер алуда. 2022 жылға қарай бұл санаттағылардың баспана кезегін толықтай жою жоспарланып отыр», - деді облыс әкімі.

Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы бірнеше қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік тұрғын үй қоры, бюджеттен тыс қаражат және демеушілер қолдауы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT