ШҚО-да биыл скринингтік зерттеуден 5 мыңнан астам адам өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл скринингтік зерттеуден бес мыңнан астам адам өтті , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, скринингтік зерттеулер обыр дерті, қант диабеті және глаукома сынды ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

«Аурудың алдын алудағы ең маңызды әдіс – ол скрининг. Биыл өңір бойынша 5 600 адам осындай тексеруден өткен. Скрининг кабинеттері барлық емханаларда бар. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалады», - деді филиал директоры Ғалымжан Әбілов.

Әр адам скринингтен өтуге жас шамасы келетінін немесе келмейтінін өзі тіркелген емханадан біле алады.

«Жыл басынан бері қор дәл осы мақсатқа 575 млн теңге қаржы қарастырды. Скринингтен бәрі өту керек. Тіпті егер денсаулығыңызға еш шағымыңыз болмаса да. Әркім өз денсаулығына өзі жауапты. Осы ретте айта кететін жайт, скринигтен өту кезінде жұмыс беруші қоластындағы қызметкерді жұмыстан үш күнге дейін босатуы тиіс. Сол күндерге жұмысшының жалақасы сақталады», - деді Ғ.Әбілов.

Егер қосымша сұрақтар туындаса әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жүгінуге болады.


Соңғы жаңалықтар