ШҚО-да биыл өрттен қаза болғандар саны 46 пайызға азайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл жер үйлерде өрттен қаза болғандар саны 46% кеміген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділовтың төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Талқыға салынған бірінші мәселе – тұрғын үй секторындағы жылыту маусымының қорытындысы болды.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Өміржановтың айтуынша, өңірде 463 рет өрт шыққан.

Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 24%-ға аз. Сондай-ақ өрттен қаза болғандар саны 46%-ға азайды.

«Құтқарушылар 486 205 ауланы аралап, 743 639 тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Тексеру барысында пештерге, электр сымдарына, эвакуациялану жолдарына байланысты 120 984 бұзушылық анықталды. Оның ішінде 19 501 бұзушылық сол жерде жойылды», - деді ол.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылған.

Жылыту кезеңінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп осы санаттағы азаматтар арасында профилактикалық тексеру жүргізді.

Олардың үйіне улы газды анықтайтын 1813 датчик орнатылған.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құсайыновтың сөзінше, бүгінде облыс аумағында орман өрттерін жылдам ауыздықтау үшін 106 техника және 3400-ден астам өртке қарсы құрал-жабдық дайын тұр.


Соңғы жаңалықтар