ШҚО-да биыл өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан 130-дан астам өрт шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан 130-дан астам өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 мамыр күні таңғы сағат 06:00 шамасында Шемонаиха қаласындағы Халық көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шыққан.

«Белгілі болғандай, жалын шаруашылық қора-жайлардың ағаш құрылымдарын шарпыған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, жалпы ауданы 48 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің салдарынан қора ішіндегі 27 тауық қырылған. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан 130-дан астам өрт шықты.


Соңғы жаңалықтар