Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ШҚО-да биыл кәмелеттік жасқа толмаған 11 бала өзіне қол салмақ болған

2022 жылғы 21 маусым 19:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 11 бала өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы үш жылда 23 бала өз-өзіне қол салған. Ал суицид жасауға әрекеттенгендер саны – 123 баланы құрап отыр.

«Осы жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала өз өмірін өлімге қиды. Бұдан бөлек, суицид жасамақ болған тағы 11 бала тіркелген. Балалардың өз-өзіне қол салуының себептері әртүрлі. Атап айтқанда, отбасындағы жанжал, айналасындағы адамдармен қандай да бір келіспеушіліктер, жауапсыз махаббат», - делінген ақпаратта.

Прокуратура дерегінше, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен полицияның жүргізіп жатқан жұмысы сылбыр.

«Мектептерде штаттық психологтар жеткіліксіз. Олардың жұмысы кей жерлерде тек формальды сипатта. Қолданыстағы диагностикалық әдістер еш жетілдірілмейді. Ал тәртіп сақшылары тарапынан балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік үгіт-насихат белгілері бар сайттарды анықтауға және бұғақтауға тиісті мән берілмеуде», - делінген хабарламада.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар