ШҚО-да биыл электр жабдықтарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан 26 өрт шықты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері электр жабдықтарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан 26 өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан 26 өрт шықты. Статистика көрсеткендей, көп жағдайда қызыл жалынның шығуына ұзартқыш тоқты қолдану себеп болған.

«Тұрғындар ұзартқышқа бір уақытта бірнеше электр аспаптарын қосып қойып жатады. Ол аздай, оны ұзақ уақыт бойы тоққа қосып қояды. Бұл өте қауіпті. Сондықтан азаматтарға ұзартқышты тек уақытша және қысқа уақытқа ғана пайдалану керектігін ескертеміз», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салды:

- Ақауы бар электр жабдықтарын пайдаланбаңыз;

- Зақымданған сымдар мен кабельдерді қолдануға болмайды;

- Электр сымдары мен кабельдерді байлап, бұрауға болмайды;

- Нормативтік құжаттармен қадағалаусыз пайдалануға рұқсат етілетін аспаптарды қоспағанда (тоңазытқыштар, факс, модем және басқа да осы секілді жабдықтар) электр желісіне қосылған жылыту аспаптарын, электр плиталарын, теледидарларды қараусыз қалдырмаңыз.


Соңғы жаңалықтар