ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін ауыл халқының орталықтандырылған сумен қамтамыз етілуі 92,2%-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, шағын ауылдарды ауызсумен қамту мақсатында 52 блок-модульді су тазарту және тарату станциялары орнатылады. Нәтижесінде, ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жыл соңына дейін 83,2%-дан 92,2%-ға дейін артады.
«2025 жылға дейін облыстың барлық тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Қосымша 154 ауыл немесе 97,7 мың адам ауызсуға қол жеткізеді. 2,5 шақырым жылумен және 250 шақырым электрмен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу және реконструкциялау жүргізілуде», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, осы жылы халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатындағы 63 жобаға 55,1 миллиард теңге жұмылдырылған. Оның 48-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.