ШҚО-да биыл 70-тен астам сотталушы орта білімі туралы аттестат алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам сотталушы орта білімі туралы аттестат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ОВ 156/6 түзеу мекемесінің жанындағы кешкі мектепті бітірген 15 сотталған адамға орта білімі туралы аттестат табыс етілді. Сотталушылар жақын арада босатылатындықтан, олар үшін қорытынды мемлекеттік емтихан тапсыру ұйымдастырылды.

«Мектеп мұғалімдері бір жарым жыл бойы қашықтан сабақ берді. Бұл әрине білім беру процесіне өз қиындықтарын әкелді. Бірақ соған қарамастан түрмеде жазасын өтеп жатқан жүздеген адам білімін арттырды. Сотталғандар өз мұғалімдеріне алғыс айтып, ризашылықтарын жеткізді», - деді ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Жанболат Қалетаев.

Айта кету керек, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам сотталған адам орта білімі туралы аттестат алды. Ал өңір бойынша түзеу мекемелерінде жалпы саны 210-нан астам азамат білім нәрімен сусындауда.


Соңғы жаңалықтар