ШҚО-да биыл 7 мектеп пайдалануға берілмек

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың соңына дейін 7 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәслихаттың кезекті XV сессиясы барысында өңір басшысы Даниал Ахметов білім саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты. Өткен жылы осы саланы қаржыландыру көлемі үш есеге артқан.

«Былтыр 208 білім беру мекемесі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп, 600 мың оқулық сатып алынды. Мектептердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Облыста 3 ауысымды және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілген», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін республика бойынша 1000 мектеп салу тапсырмасына сәйкес, облыста барлығы 33 мектеп салу жоспарланып отыр.

«Өткен жылы Семей қаласындағы Шығыс кентінде 1200 орындық мектеп салынды. Степной кентінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар Риддерде - 600, Ұлан ауданында 320 балаға арналған мектептер пайдалануға берілмек. Жалпы осы жылы 7 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді ШҚО әкімі.


Соңғы жаңалықтар