ШҚО-да биыл 7 мектеп бой көтереді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 7 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында биыл үш мың орындық 7 жаңа мектеп салынады. Өткен жылы 1070 орындық 4 мектеп пайдалануға берілген.

«2025 жылға дейін облыста 55 млрд теңгеге 7,1 мың орындық 17 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 10-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді.

Өткен жылы 49 білім беру нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы 26 мектепті жөндеуге 1,1 млрд теңге бөлінген», - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасады.

«Былтыр 4,8 мың мұғалім өз біліктілігін арттырды. Оның ішінде көптілді білім беруді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде 600 педагог, нақты айтқанда 400 қазақ тілі және 200 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі арнайы курстардан өтті. Ал 2023 жылы 5,3 мың педагогты оқыту жоспарланған, оның ішінде тілдік курстардан 500 мұғалім өтеді», - дейді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар