ШҚО-да биыл 5 колледж жатақханасының құрылысы басталмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 5 колледж жатақханасының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруінде айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңірдегі арнаулы орта оқу орындарында 7 жатақхана ашуымыз керек. Бүгінде 2 жатақхана толықтай салынып бітті. Қалған бесеуінің құрылыс жұмыстары биыл басталмақ», – дейді ол.

Қазірде облыстың бірқатар колледждері халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Жаңа құрылғылармен жабдықтау мақсатында да бірқатар шаралар қолға алынған.

«Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы – 77%-ды құрап отыр. Біз бұл көрсеткішті 93%-ға жеткізуге тиіспіз. Мысалы, Семей қаласындағы Геология және Электротехникалық колледждерді бітіріп шыққан студенттердің 94%-ы мамандық бойынша еңбек етуде. Басқа арнаулы орта оқу орындарында осы тұрғыдағы жұмысты күшейту керек», – дейді Даниал Кенжетайұлы.

Соңғы жаңалықтар