ШҚО-да биыл 46 ауылдың бас жоспары жасалады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 46 ауылдың бас жоспары әзірленбек. Бұл туралы өңір әкімдігінде өткен жиналыс барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысында барлығы алты қала, 357 ауыл бар. Биыл 46 елді мекеннің бас жоспары әзірленеді. Бұдан бөлек, Шемонаиха, Серебрянск және Алтай қалалары үшін бас жоспар әзірлеу басымдыққа ие. Арнайы жол картасы және одан ары қарай әрекет ету алгоритмі жасалды», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, Өскеменде құрылыс тығыздылығы тексерілуі қажет. Себебі үйлердің арасы тым жақын орналасса халыққа қолайсыздық тудырады.

«ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Өскемендегі құрылыс тығыздығын тексеруді тапсырдым. Бұл адамдардың өмір сүру сапасына теріс әсер етпеуі үшін маңызды. Қандай да бір заңбұзушылықтар анықталса тиісті шара қолданылады», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар