ШҚО-да биыл 30 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 30 мыңнан астам адам ЖРВИ-мен ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 30 921 адам жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,2 есеге төмен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-ге шалдыққандар саны 13 мыңнан асады.

«2022 жылы облыс тұрғындары үшін тұмауға қарсы вакцинаның 75 мың дозасы сатып алынды. Денсаулық сақтау және білім беру нысандарында ЖРВИ және тұмау бойынша 34 оқыту семинары өткізілді», - дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Сәуле Слямғазина.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, тұмау мен COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны бір уақытта алмаған дұрыс. Вакцинацалар арасында кем дегенде 2 апта болуы керек.


Соңғы жаңалықтар