ШҚО-да биыл 2 мыңға жуық адам бизнесті онлайн тіркеді
2022 жылғы 6 шілде 08:30

ШҚО-да биыл 2 мыңға жуық адам бизнесті онлайн тіркеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам бизнесті онлайн тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Меруерт Тарыбаева заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді қалай онлайн жүргізуге болатындығын айтты. Бұл Қазақстандағы ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі.

«Тіркеуді шығынсыз әрі жедел жасау үшін заңды тұлғаға ХҚО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Әсіресе, шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеуге, коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеуге немесе таратуға қатысты қызметтер болса, осының барлығын eGov порталы арқылы жасауға болады. Электронды өтінішті толтыру жеткілікті. Бір күн ішінде тіркеушінің жеке кабинетіне мемлекеттік тіркеу туралы электронды анықтама немесе бас тарту түрінде жауап жіберіледі. Қажет болған жағдайда бизнесті тіркеу туралы куәлікті басып шығаруға болады», - деді ол.

Бизнесті тіркеу процедурасын жеделдету мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үдерісінің арқасында мүмкін болып отыр. Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға 5 және одан да көп құжатпен келіп, тіркеуді алу үшін деректерді тексеруді 5 күнге дейін күтетін болса, бүгінде электронды түрде барлық рәсім бір күннен аспайды және ешқандай құжат талап етпейді.

«Сонымен қатар заңды тұлғаның басшысын ауыстыру ең кең таралған қызмет түрінің бірі. Қазіргі уақытта eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы заңды тұлғаның басшысын ауыстыру қызметі іске қосылды. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 2000-ға жуық адам бизнесті онлайн тіркеді», - деді Меруерт Тарыбаева.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT