ШҚО-да биыл 113 жедел жәрдем көлігі сатып алынбақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 113 жедел жәрдем көлігі сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Лидің айтуынша, жаңа көліктер толықтай жабдықтылады. Бұл көліктердің көбісі Өскемен қаласындағы Жедел жәрдем станциясына берілмек.

«Осы орайда жуық арада тендер ойнатылады. Алғашқы жедел жәрдем көліктерін мамыр айында сатып алу жоспарланып отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар