ШҚО-да бірыңғай стильдегі үйлер бой көтеріп келеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда «Нұрлы жер» бағдарламасына 11,2 миллиард теңге бөлінген. Өңірде бірыңғай сәулет стиліндегі тұрғын үйлер жоғары қарқынмен бой көтеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қаласында 50 жер үйдің құрылысы басталып кетті. Олар шаһардың Ақсай шағын ауданында бой көтеруде. Қазір онда үй құрылысымен бірге инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауыз су қыркүйекке дейін жетуі тиіс. Баспананың бұл түрі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы берілмек.

null

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы жария болған кезден бастап,  халықты баспанамен қамту жоспарын 8 пайызға көтерген. Екі жыл ішінде аймақта 347 тұрғын үй салынуы тиіс. Биылдың өзінде  жаңа 3 576 пәтер беріледі деп күтілуде.

nullnull

Соңғы жаңалықтар