+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ШҚО-да бірнеше күнде бұзақылық жасаған 40-тан астам жасөспірім анықталды

2021 жылғы 19 қыркүйек 09:10
Бөлісіңіз:
ШҚО-да бірнеше күнде бұзақылық жасаған 40-тан астам жасөспірім анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері төрт күн ішінде ұсақ бұзақылық жасаған 40-тан астам жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды Елордада бойжеткен аялдама шынысын, тұрақтағы көліктердің терезелерін сындырды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңір аумағында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Мұндағы мақсат – кәмелеттік жасқа толмағандардың алкоголь, есірткі және психотропты заттарды тұтыну фактісін анықтау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.

«Шараның алғашқы 4 күнінде 520 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, бала тәрбиесі бойынша міндетін орындамаған 35 ата-ана, ұсақ бұзақылық жасаған 41 жасөспірім, алкогольді ішімдік ішкен кәмелеттік жасқа толмаған 27 баланың әке-шешесі жауапқа тартылды. Сондай-ақ түнгі уақытта көше кезіп жүрген 98 жасөспірім тіркелді», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта облыстағы ішкі істер органдарында 309 бала есепте тұр. Шара барысында олардың барлығы тексеріліп, заңды бұзбау қажеттігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT