USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ШҚО-да бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін өртеп жібермек болды

2021 жылғы 2 қараша 09:30
Бөлісіңіз:
ШҚО-да бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін өртеп жібермек болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерсұлтан Бектұрғанов: Халқына адал қызмет еткен – кемеңгер тұлға Елімізде өндірілетін көмір көлемі қандай Байқоңырда арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқан адам анықталды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға шаһардың сол жағалауында орналасқан теміржол тұйығында болған.

«Полицияға қоңырау шалған азамат көмір кезегінде тұрған жүргізушілердің бірі көлік жолын жауып тастап, өзін-өзі өртеп жіберетіндігін айтып қорқытқаны туралы жеткізді. Сол жерге жеткен тәртіп сақшылары қолына канистр ұстаған ер адамды көрген», - делінген хабарламада.

Соңынан анықталғандай, ол – Ұлан ауданының тұрғыны. Бірнеше күн көмір кезегінде тұрған.

«Полицейлер ер адамнан канистрді тартып алып, сабырға шақырды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен сатушы компания оған көмірді кезексіз беру жайлы ұсыныс жасады. Кезекте тұрған басқа азаматтар бұған қарсы болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жолды жауып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргені үшін Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК (1 АЕК – 2917 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында көмір кезегінде тұрған әйел жүк тиегіштің көтергішіне мініп алғаны туралы жазған болатынбыз. Ол көмірді жүк көлігінің бортына төгу кезінде де тиегіштен түспеген. Instagram-ға жарияланған жазбада: «Бұл ақылға қонымсыз. Көмірдің дұрыс бөлінбеуі салдарынан адамдар соңғы қадамға баруға мәжбүр», - делінген.

Кербұлақ ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсінік беріп, интернетте тараған видеоны араңдатушылық деп атады. Сондай-ақ ауданда көмір тапшылығы жоқтығын мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT