ШҚО-да бірнеше дәріхана нашақорларға рецептсіз кодеин сатқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Есірткілік заттардың айналымын реттеу мақсатында өткен «Допинг» шарасы барысында 6 дәріхананың нашақорларға рецептсіз дәрі сатқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел алдын алу шаралары 11 наурызда ғана басталғанына қарамастан, 6 бірдей дәріхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның үшеуі Өскемен қаласында, екеуі Семей қаласында нашақорларға құрамында есірткілік заттар бар дәрілерді рецептсіз сатып келген.

«Мысалы, сауда үйінде орналасқан бір дәріхана 6 ай бойы құрамында кодеин бар дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатып отырған. Оны нашақорлар есірткі жетпей қиналғанда, ауырсынуды басу үшін жиі қолданады. Дәріхана иесіне 130 АЕК көлемінде айыппұл салынады» - делінген облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.

Үш күннің ішінде полиция өкілдері бұдан өзге 27 заңбұзушылық анықтаған. Олардың 17-сі заңсыз есірткі ұстау дерегі ретінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар