ШҚО-да бірқатар жол жабылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жайсыз ауа райына байланысты өңірде бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК-ға сілтеме жасап.

«Қазақавтожол» компаниясының мәліметінше, 30 желтоқсан күні сағат 16:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО-да «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар жолдың 756-906 шақырымы, Семей қаласынан Қалбатау кентіне дейінгі аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылған. 
Сонымен қатар, сағат 18:00-де «Алматы-Өскемен» жолының 977-1 068 шақырымы, Қалбатау кентінен Қасым Қайсенов ауылы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Жолдың жабылуына бұрқасын, айналаның көрінбеуі себепші болған.
Осиновский асуындағы қауіпсіздікті сақтау үшін «Өскемен-Алтай-Рақман қайнарлары» жолы тіркемесі бар жүк көліктеріне жабылды. Бұл жолдың 46-66 шақырымы, Северное ауылы мен Серебрянск қаласының аралығы.

Соңғы жаңалықтар