ШҚО-да бірқатар лауазымды қызметке жалған құжатпен тұрғандар анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірқатар лауазымды қызметке жалған құжатпен орналасқандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың басшысы лауазымына және қызметкерлерін тағайындау тәртібінің заңдылығын тексеру барысында жоғары білім туралы жалған диплом ұсынудың 3 фактісі анықталды.

«Атап айтқанда, «Су каналы» мемлекеттік кәсіпорынның басшысы және Риддер қалалық мәдениет үйінің бас есепшісі лауазымдарына, Риддер қаласының ішкі саясат бөліміне статист қызметіне жұмысқа қабылдауда жалған құжаттар ұсынылған. Білім беру ұйымдары осы дипломдардың аталған азаматтарға берілмегенін растады», - делінген ақпаратта.

Бұл фактілер прокуратурада тіркеліп, тиісті материалдар Риддер қаласының полиция бөліміне жолданды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 385 бабы 3 бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Соңғы жаңалықтар